ТОО "Dar Rail"

ТОО "Dar Rail" Частный перевозчик грузов с собственным парком локомотивов

22/03/2026

Наурыз мерекесіне орай «DAR RAIL» жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Тастыбайұлы әріптестерге құттықтау лебізін жолдады. Наурыз құтты болсын!

21/03/2026

DAR rail ұжымы баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

20/03/2026

Бүгін біз DAR Rail-де Наурызнама аясындағы сайыстардың ақтық кезеңі — «Наурыз жолы» атты қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері байқауымен қорытындыладық.

Бес команда қазақ дәстүрлеріне негізделген театрландырылған қойылымдарын ұсынды:
— Құдалық
— Ұзату
— Беташар
— Бесік той
— Тұсаукесер

Біз әр команданың бұл кезеңге үлкен дайындықпен, ерекше ықыласпен келгенін көрдік. Бір сәтке кеңсеміз қазақтың ауылыңа айналып, безендіру мен тұрмыстық көріністер арқылы шынайы атмосфера қалыптасты. Қойылымдар әсерлі, жанға жақын әрі кәдімгі тойдағыдай көңілді өтті.

Әділ қазы алқасы командалардың дайындығын сценарий, рөлдер, безендіру мен әріптестердің белсенділігін ерекше атап өтті.

Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған, Бухгалтерия және Қаржы командасын жеңіспен құттықтаймыз👏🏻👏🏻👏🏻

Келе жатқан Наурыз құтты болсын!

18/03/2026

Бүгін елімізде Наурызнама тұжырымдамасы аясында Ұлттық киім күні аталып өтуде. Ал біз DAR Rail-де бұл мерекені қолдап, әріптестерімізден кім қандай ұлттық киім киіп келгенін сұрап шықтық.

Биыл біз Наурызды ерекше көңіл күймен, ұжымдық рухпен қарсы алуды жөн көрдік. Біз мерекені Көрісу дәстүрімен бастап, ұлттық ойындармен жалғастырдық. Бүгін біз ұлттық киім киіп, этноэлементтер арқылы мерекелік атмосфераны бірге жандандырып жатырмыз.

Биыл біз үшін Наурыздың басты ерекшелігі — спорттық жарыстар емес, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына негізделген театрландырылған қойылымдар.

Осылайша біз Наурызды барынша жақын, әсерлі әрі жылы етуге — мәдениет, командалық рух және дәстүрге деген құрмет арқылы мән бердік.

Кімнің “образы” ұнады? Төменде белгілеп өтсеңіз болады😉

13/03/2026

Теміржол кәсіпорындарының қызметінде қыс мезгілі дәстүрлі түрде ерекше жұмыс кезеңі саналады. Себебі төмен температура, қалың қар мен боран инфрақұрылымның жағдайына, техниканың жұмысына, қауіпсіздікке және тасымалдау үдерістерінің тұрақтылығына айтарлықтай әсер етеді. Мұндай жағдайда қызметкерлер мен жабдықтарға түсетін жүктеме артып, барлық қызметтердің жұмысына қойылатын сенімділік пен жеделдік талаптары күшейеді.

Осы кезеңдегі маңызды шаралардың бірі — қармен күрес жұмыстары. Бұл қыс мезгілінде пойыз қозғалысының үздіксіз әрі қауіпсіз жүруін қамтамасыз етуге бағытталған теміржол көлігі кәсіпорындары мен қызметтерінің келісілген іс-қимылдарының кешені.

Қар қалың түскен кезде теміржол саласының барлық кәсіпорындары мен қызметтері біртұтас жүйе ретінде әрекет етіп, жолдарды, бағыттамаларды, станциялық парктерді және инфрақұрылымның басқа да элементтерін қар мен мұздан тазарту жұмыстарын ұйымдастырады. Негізгі мақсат — мүмкіндігінше қысқа мерзімде тасымалдау үдерісінің үздіксіздігін қалпына келтіру және қар мен боран салдарынан пойыздардың кешігуіне жол бермеу.

Соңғы екі аптада еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа райы күрт нашарлап, қалың қар мен боран теміржол кәсіпорындарының тұрақты жұмысына қауіп төндірді. Осыған байланысты біздің компанияның бөлімшелері қармен күрес жұмыстарына белсенді түрде қатысып, локомотивтер тұратын жолдарды, бағыттамаларды және тартым жолдарын қардан тазарту үшін қосымша қызметкерлер жұмылдырды.

Сонымен қатар, Астана және Тобыл станцияларында әріптестерімізге — «Қамқор Локомотив» жөндеу кәсіпорнына және «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-нің ПТО бөлімшесіне қар тазалау жұмыстарына көмек көрсетілді.

11/03/2026

А на чем ты?

06/03/2026

Құрметті ханымдар!

Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер кәсібиліктеріңізбен, даналықтарыңызбен және ішкі күш-қуаттарыңызбен айналаңызға жылу, сенім мен шабыт сыйлап жүрсіздер.

Әріптестеріміз бен серіктестеріміз қатарында еңбек етіп жүрген ханымдарға темір жол саласының дамуына қосып жүрген үлестері, қолдауы мен ынтымақтастығы үшін ерекше алғыс айтамыз.

Әр күніңіз қуанышқа, жүректеріңіз мейірімге, ал өмірлеріңіз әдемі сәттерге толы болсын. Армандарыңыз орындалып, еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, жандарыңызда сіздерді қадірлейтін жандар көп болсын.

Көктемнің, сұлулық пен жаңару мерекесі құтты болсын! 🌷

27/02/2026

Осы аптада DAR Rail компаниясы Астана қаласындағы М.Тынышпаев атындағы ALT көлік колледжінде өткен «Кәсіпорын мен колледж өзара іс-қимылының жаңа форматы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Теміржол және көлік саласының жетекші кәсіпорындарымен бірге кадр даярлаудың жаңа тәсілдерін талқыладық.

Кездесу барысында білім беру үдерісін еңбек нарығының нақты талаптарына бейімдеу, дуалды оқытуды дамыту және өндірістік тәжірибені кеңейту мәселелеріне басымдық берілді.

Біз колледжбен дуалды оқыту бойынша тартқыш жылжымалы құрамды пайдалану және жөндеу, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастыру мен қозғалысты басқару бағыттарында келісімге қол қойдық.

Студенттер өндірістік тәжірибеден біздің бөлімшелерімізде өте алады, ал үздік түлектерді командамызға қабылдауға дайынбыз.

Бұл серіктестік — саланың білікті мамандарын даярлауға және DAR Rail командасын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

24/02/2026

Өткен аптада Орталық аппарат қызметкерлері халықаралық ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 және ISO 50001 стандарттарының талаптарына сәйкес біріктірілген менеджмент жүйесі (БМЖ) бойынша ішкі аудит жүргізу жөнінде арнайы оқудан өтті.

Оқу барысында әріптестер сапа менеджменті, экологиялық менеджмент, еңбек қауіпсіздігі және энергия менеджменті бағыттары бойынша білімдерін жетілдіріп қана қоймай, ішкі аудитті ұйымдастыру мен жүргізудің практикалық дағдыларын меңгерді.

Ішкі аудит — тәуекелдерді дер кезінде анықтауға, үдерістердің тиімділігін бағалауға және оларды жетілдіру жолдарын табуға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Тұрақты даму мен үздіксіз жетілуге ұмтылатын кез келген ұйым үшін бұл — жауапкершілік пен ашықтық мәдениетін қалыптастыратын тиімді тетік.

18/02/2026

Бүгін орталық кеңсемізде Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) мен Францияның халықаралық даму агенттігі — Expertise France өкілдерін қабылдадық.

Жұмыс кездесуінде Global Gateway бастамасы аясында Транскаспий көлік дәлізінің әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды. Бағыттың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру, сондай-ақ өңірдегі заманауи логистикалық инфрақұрылымды қалыптастырудағы жекеменшік тасымалдаушылардың рөліне ерекше назар аударылды.

Біз Орталық Азияның транзиттік мүмкіндігін күшейтетін нақты іс-қимылға негізделген диалог пен бірлескен шешімдерге мүдделіміз. Кездесу тараптардың алдағы ынтымақтастыққа дайын екенін растады.

13/02/2026

А что выбираете вы?

Address

Кошкарбаев 5/1, 6 этаж
Tselinograd
Z01G8Y2

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ТОО "Dar Rail" posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share