Алматинский ОФ АО "ҚазАвтоЖол"

Алматинский ОФ АО "ҚазАвтоЖол" Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Алматинский ОФ АО "ҚазАвтоЖол", Cargo and freight company, г. Алматы Улица Розыбакиева 289/6, Almaty.

🚨 "Алматы - Бішкек" трассасында жыл соңына дейін жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі11 қыркүйектен бастап рес...
08/09/2026

🚨 "Алматы - Бішкек" трассасында жыл соңына дейін жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі

11 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар "Алматы – Бішкек" автомобиль жолының 25-шақырымында, Қаскелең қаласы маңында, көлік айрығының монолитті аралық құрылысын орнату жұмыстарына байланысты ірі габаритті және ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Қозғалысқа шектеу жыл соңына дейін жалғасады.

📏 Шектеу биіктігі 4,5 метрден және ені 8 метрден асатын көлік құралдарына қатысты.

🚗 Жеңіл және жолаушылар көлігіне, сондай-ақ белгіленген габариттен аспайтын жүк көліктеріне шектеу қолданылмайды.

🚛 Ауыр және ірі габаритті көлік жүргізушілеріне маршрутты алдын ала жоспарлап, балама бағыттарды пайдалануды сұраймыз.

Шектеу құрылыс жұмыстары толық аяқталғанға дейін қолданылады.



#шектеу
#алматыбішкек
#каскелен

07/09/2026

⛽️ Жолдағы сервис – жолаушыға қолайлы жағдай

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол бойындағы сервистік нысандардың дамуына ерекше көңіл бөлінуде.

Жол бойындағы жанармай құю станциялары — жүргізушілер мен жолаушылар үшін қажетті инфрақұрылымның бірі. Мұнда сапар кезінде жанармай құюға, аялдап, демалуға және жолды қауіпсіз жалғастыруға мүмкіндік бар.

Бүгінде Алматы облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 173 жол бойындағы сервис нысаны орналасқан. Оның 154-і ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді.

Сонымен қатар жол бойындағы сервистік инфрақұрылымды одан әрі дамыту бағытында жаңа нысандар салынуда.

Мақсат — жол бойындағы қызмет сапасын арттырып, жолаушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы сапарға қажетті жағдай қалыптастыру.

🚗 Жол — тек қатынас бағыты ғана емес.
Жол бойындағы сервис те сапардың маңызды бөлігі.



#жол
#сервис

04/09/2026

🚧 Негізгі жөндеу жұмыстары аяқталды!

Республикалық маңызы бар "Алматы – Бәйтерек – Бәйдібек би – Лавар" автомобиль жолының 43–47 және 76–108 шақырым аралығындағы жалпы ұзындығы 36 шақырым болатын учаскеде орташа жөндеудің негізгі кезеңі аяқталды.

Қазіргі таңда жол бойында абаттандыру, жол белгілерін орнату және жолақтарды сызу жұмыстары жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Жол сапасы – қозғалыс қауіпсіздігінің маңызды кепілі. 🚗



#жол
#орташажөндеу

🚧 "Астана–Қарағанды–Алматы" автожолының учаскесінде жүк көліктері үшін қозғалыс уақытша шектеледіАлматы облысында респуб...
03/09/2026

🚧 "Астана–Қарағанды–Алматы" автожолының учаскесінде жүк көліктері үшін қозғалыс уақытша шектеледі

Алматы облысында республикалық маңызы бар KAZ01 "Астана–Қарағанды–Алматы" автожолының Каскелен қаласы (1209 км) – Ұлан ауылы (1201 км) аралығында орташа жөндеу жұмыстарына байланысты жүк автокөліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

📅 Шектеу мерзімі: 4–10 қыркүйек 2026 жыл
⏰ Уақыты: күн сайын 06:00-ден 19:00-ге дейін

Жүк көліктері үшін уақытша айналма жол «БАКАД» республикалық автожолы және «Алмалыбақ–Жамбыл», «Алмалыбақ–Ұлан», «Алмалыбақ–Қошмамбет», «Алмалыбақ–Елтай» жергілікті маңызы бар автожолдары арқылы ұйымдастырылады.

🚗 Жеңіл және қоғамдық көліктердің қозғалысы жол жиегі арқылы жүзеге асырылады.

Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша шектеулерді ескеріп, сапар бағытын алдын ала жоспарлауды және жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз.

#жол
#шектеу

03/09/2026

🚧 Алматы облысының республикалық трассаларында жол күтімі тұрақты бақылауда

Алматы облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жазғы күтіп-ұстау жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен бұл жұмыстарға "ҚАЖ Сервис" ЖШС-нің 366 қызметкері мен 181 арнайы техникасы жұмылдырылған.

🆕 Биыл жол қызметінің техникалық паркі жаңа техникамен толықты. Оның ішінде 4 "Бродвей" шаңсорғыш машинасы, 4 мульчер-шөп шапқыш, 2 виброплита және 4 каток бар.

Жаңа техниканың көмегімен жолдар мен жол жиектері тазаланып, шөп шабу, су себу, қоқыс жинау және ұсақ жөндеу жұмыстары жедел жүргізілуде. Сонымен қатар жол белгілері мен қоршаулар жуылып, жол жамылғысындағы ақаулар қалпына келтірілуде.

📚 Жаңа оқу жылы қарсаңында жаяу жүргіншілер өткелдері қайта боялып, жол таңбалары жаңартылуда. Бұл жұмыстар, әсіресе, балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

🛣️ Республикалық трассалардың тазалығы, техникалық жағдайы және қозғалыс қауіпсіздігі тұрақты бақылауда.



#кажсервис
#жол

🚧 ЖОЛ УЧАСКЕСІ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ"Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Ақсай" автомобиль жолының 18 - 51 шақырымдары аралығында ...
28/08/2026

🚧 ЖОЛ УЧАСКЕСІ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ

"Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Ақсай" автомобиль жолының 18 - 51 шақырымдары аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстарына байланысты «Байсерке – Көктерек» автомобиль жолының 18+700–22+000 шақырымдары аралығындағы учаскесі уақытша жабылады.

📅 28–31 тамыз 2026 жыл
🌙 Күн сайын 22:00-ден 05:00-ге дейін

Осы уақытта көлік қозғалысы айналма жол арқылы ұйымдастырылады.

🚗 Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, айналма жолды пайдалануды сұраймыз.

Түсіністік танытқандарыңызға рақмет!



#орташажөндеу

🚧 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ШЕКТЕЛЕДІ"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы KAZ01 "Астана - Қарағанды ...
24/08/2026

🚧 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ШЕКТЕЛЕДІ

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы KAZ01 "Астана - Қарағанды - Алматы" автомобиль жолының 1194–1209 (27–42) шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты 24 тамыздан 10 қыркүйекке дейін, күн сайын сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін, автомобиль жолының 1194–1209 (27–42) шақырым аралығында (Жібек жолы – Қаскелең) көлік қозғалысы уақытша жабылады.

🚗 Осы уақыт аралығында негізгі көлік қозғалысы айналма жол арқылы ұйымдастырылады.

📍 Жүргізушілерден жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол белгілері мен қозғалысты реттеушілердің талаптарын сақтауды сұраймыз.

🔹 Айналма жолдың сызбасы қосымшада көрсетілген.

Көлік қозғалысына енгізілетін уақытша шектеулер жолдағы жөндеу жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізу мақсатында ұйымдастырылады.

Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға рақмет!



#шектеу

🚧 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!"АСТАНА - ҚАРАҒАНДЫ - АЛМАТЫ" АВТОЖОЛЫНЫҢ УЧАСКЕСІНДЕ ҚОЗҒАЛЫСҚА УАҚЫТША ШЕКТЕУ ЕНГІЗІЛЕДІ"ҚазАвтоЖол"...
11/08/2026

🚧 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
"АСТАНА - ҚАРАҒАНДЫ - АЛМАТЫ" АВТОЖОЛЫНЫҢ УЧАСКЕСІНДЕ ҚОЗҒАЛЫСҚА УАҚЫТША ШЕКТЕУ ЕНГІЗІЛЕДІ

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ Алматы облысында республикалық маңызы бар KAZ-01 "Астана - Қарағанды - Алматы" автомобиль жолының жекелеген учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасатынын хабарлайды.

2026 жылғы 12 - 20 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 1121–1186 шақырым аралығындағы учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жол жөндеу жұмыстарының қауіпсіз әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында көлік қозғалысы айналма бағыт арқылы ұйымдастырылады.

Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды және жол жөндеу учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын орындауды ұмытпаңыздар.

Жолдағы уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.


Address

г. Алматы Улица Розыбакиева 289/6
Almaty

Telephone

+77272559046

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Алматинский ОФ АО "ҚазАвтоЖол" posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Алматинский ОФ АО "ҚазАвтоЖол":

Shortcuts

Share